«Қазтелерадио» АҚ үздіксіз және сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралында сервисті жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
«Осыған байланысты, 21 cәуір күні сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргіземіз», – делінген хабарламада.
«Қазтелерадио» уақытша қолайсыздық үшін кешірім өтінеді.
10:21, 21 Сәуір 2023
Қазақстанда телерадиоарналар хабар таратуын тоқтатты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда 21 сәуір күні телерадиоарналар хабар таратуын тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.