Қазақстанда темекі өндірісі баяулады
10:14, 12 Шілде 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индексі 107,8% құрады. Өндіріс көлемінің артуы республиканың 14 өңірінде байқалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктен мәлім еткендей, 2017 жылғы қаңтар-маусымда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ, металл кендерінің және көмірдің өндірісі ұлғайды. Сондай-ақ азық-түлік, мұнай өңдеу, фармацевтика, металлургия және машина құрастыру салаларында өндіріс көлемі артты. Ал темекі өнімдерін шығару, керісінше - төмендеді.