Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-дан хабарлады.
Салыстырмалы түрде алғанда, теміржол көлігімен 2011 жылдың сәйкес кезеңінде 13 млн. 78 мың 439 жолаушы сапарлаған. Бұл 11,9 пайызға немесе 1 млн. 555 мың 956 адамға көп.
«Мұның барлығы жаңа маршруттарды енгізу, тиімді емес маршруттарды оңтайландыру, ұзақ жолға сапарлайтын пойыздардың жолдағы уақытын азайту, көптеген бағыттарда құрамдар кестесін арттыру, жылжымалы құрамды жаңарту, жол жүру билеттерін сатудың электрондық формаларын енгізу және қызмет көрсетуді жақсарту бойынша атқарылған өзге де шаралардың арқасында мүмкін болды», - деп атап өтті компанияның баспасөз қызметінен.