«Бұл кезеңде теміржол көлігіндегі қозғалыс мүлдем қарастырылмайды. Төтенше жағдай режимінің тоқтағанына қарамастан блокпосттар әлі де сақталады. Бірақ, қала маңында тұратын, қалада жұмыс істейтін қызметкерлер әкімдіктер бекіткен тізім бойынша еркін кіріп-шыға алады», - деп түсіндірді Е. Тоғжанов Үкіметте өткен онлайн брифингте.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстандағы төтенше жағдай режимі тоқтағанын хабарлаған еді. Бірақ, елімізде карантин режимі әлі де сақталады.16:33, 11 Мамыр 2020
Қазақстанда теміржол қозғалысы әлі ашылмайды - вице-премьер
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда теміржол көлігінің қозғалысы әлі ашылмайды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.