«Қазір бізде әртүрлі өнім түрлеріне тарифтердің 11 түрі бар, атап айтсақ: әлеуметтік маңызы бар тауарлар, көмір тасымалдау, астық тасымалдау және басқалары. Біздің тарифтер көрші мемлекеттерге қарағанда шамамен 2 есе төмен екенін айта кеткен жөн», — деді Роман Скляр.
Бірінші вице-премьер «Қазақстан темір жолы» кәсіпорнынан артық табыс алу күтіліп отырмағанын және мемлекет өз тарапынан «ұзақ мерзімге несиелер», тікелей бюджеттік қаржыландыру, жеке салымдар арқылы теміржол инфрақұрылымын инвестициямен қамтамасыз ететінін мәлімдеді. Дегенмен, теміржолдар өзін-өзі қамтамасыз етуі керек және бұл теңгерімді сақтау маңызды.