Қазақстанда тез дайындалатын кеспе мен рамен бағасы қанша

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Тез дайындалатын кеспенің ең арзаны және қымбаты қайда сатылатынын Kazinform агенттігінің тілшісі салыстырып көрді.

Бүгінде дүкен сөресінде азық-түлік толып тұр. Таңдау көп болса да тез дайындалатын лапшаны сатып алмайтын адам кемде-кем. Әсіресе ол жасөспірімдер мен студенттердің сүйікті асына айналған. Бар болғаны 5 минутта дайындалатын тағамның түрлі дәмдеуіші де ерекше дәм береді.

Біз тез дайындалатын кеспе мен раменнің өңірлердегі бағасын салыстырдық. Баға тек өңірлердің қайда орналасқанына ғана емес, сонымен бірге қаптамасына, өндірушіге де байланысты. Арнайы ыдыстағысының бағасы жұмсақ қаптамадағы кеспеге қарағанда екі есе қымбат. Алайда жолға шыққанда дәл осы ыдыстағысын алған тиімді. Өйткені шанышқысы да, су құятын ыдысы да өзінде болады.

Егер өндіруші туралы ақпаратты назарға алмайтын болсақ, жұмсақ қаптамадағы кеспенің ең арзаны Қостанай қаласында сатылады. Себебі мұнда кеспе дайындайтын өндіріс орны бар. Мұнда баға 83 теңгеден басталады. Оралда (104-200 тг), Алматыда (109-204 тг) және Ақтөбеде (110-290 тг) баға одан сәл жоғары. Ал Өскемен мен Семей (130тг), Түркістан (130-320 тг), Павлодар (135-210 тг) және Шымкентте (150 -375 тг) тез дайындалатын кеспе бағасы еліміз бойынша орташа. Ал бағасы 160 теңгеден басталатын кеспе Қарағанды(160-200 тг), Петропавл (165-184 тг), Тараз (175-190 тг) және Жезқазғанда (180 тг) сатылады. Ал жұмсақ қаптамадағы кеспенің ең қымбаты - Көкшетау (188-200 тг), Астана (200 тг) және Қызылордада (220-400 тг).

Арнайы қаптамадағы кеспе бағасы әлдеқайда жоғары. Алайда оны кез келген жерде, яғни, демалыста, пойызда, жұмыста дайындап алуға болады. Мұндай кеспе Алматы (245 — 399 тг) мен Оралда (275 тг) арзан. Ал Тараз (290-380 тг), Ақтөбе (290 — 427 тг), Шымкент (290-555 тг) және Петропавлда (297–425 тг) баға одан сәл жоғары. Түркістан, Павлодар, Көкшетау, Астана мен Қарағандыда баға 300 теңге және одан жоғары. Тез дайындалатын әрі арнайы қаптамадағы кеспе Қызылорда (400 тг), Қостанай (410-512 тг), Жезқазған (450 — 650 тг), Өскемен және Семейде (460 тг) қымбат.

Фото: Kazinform

Сонымен бірге біз қазақстандықтар жиі тұтынатын кеспенің маркасын да салыстырдық. Жұмсақ қаптамадағы Доширак кеспесі Қостанайда - 102, Алматыда 109 теңге. Бұл еліміздегі ең арзаны. Оралда акция кезінде 137 теңгеге, ал Таразда жеңілдіксіз 175 теңгеге сатып алуға болады. Петропавлда — 184 тг. Доширак кеспесінің бағасы Ақтөбе мен Павлодарда 195 тг теңгеден басталады. Орташа баға Астана мен Көкшетауда тіркелді. Мұнда баға 200 теңгеден басталады. Қызылордада баға — 240 тг. Доширак Түркістанда 320 тг, ал Шымкентте 375 тг. Ең қымбаты Қарағанды мен Жезқазғанда сатылады. Баға 435 тг басталады.

Сонымен бірге Роллтон кеспесінің бағасын салыстырдық. Ең арзаны - 103 теңге. Бұл кеспе Оралда сатылады. Ақтөбеде кеспе бағасы 110 теңгеден, Көкшетауда 120 теңгеден жоғары. Баға Алматыда 129 тг, Түркістанда 130 теңгеден және Павлодарда 135 теңгеден жоғары. Роллтонның орташа бағасы бірнеше қалада тіркелді. Шымкентте 150 тг, Қарағандыда 160 тг, Таразда 175 тг және Петропавлда 176 теңгеден жоғары. Ал Жезқазғанда 180 тг, Қостанайда 185 теңгеден жоғары. Роллтонның қымбаты Астанада 200 теңге, Қызылордада 220 теңгеден жоғары.

Тағы бір түрі - BIG BON. Бұл кеспенің арзаны Орал қаласында сатылады. Баға 154 теңгеден басталып тұр. Петропавлда баға одан 10 теңгеге жоғары. BIG BON кеспесінің жұмсақ қаптамасы Тараз бен Ақтөбеде 175 теңге және одан жоғары. Шымкентте баға - 177 тг. Қарағандыда 180 теңге, Қостанайда 186 теңге және Көкшетауда 188 теңге және одан жоғары. BIG BON бағасы Павлодарда 195 тг, Жезқазғанда және Астанада 200 тг, сонымен бірге Алматыда 204 теңгеден басталады. BIG BON кеспесінің қымбаты Қызылордада 400 теңге, Түркістанда 425 теңге.

Қазақстандықтар раменді де сүйіп жейді. Жұмсақ қаптамадағы кеспенің мейрамхана мен үйде дайындалатын тағамға жетпейтіні анық. Дегенмен қалалықтар оны да жиі тұтынады. Мұнда да түрі өте көп, бағасы да әртүрлі. Қазіргі кезде ең арзаны Павлодарда 229 теңге, одан сәл жоғары баға Оралда 258 теңге. Павлодарда 310 тг, Шымкентте 345 тг, Қостанайда 360 тг, Түркістанда 370 тг және Астанада 375 тг, сонымен бірге Алматыда 390 теңгеден жоғары. Ал рамен бағасы Қызылордада 400 тг, Қарағандыда 450 тг, Таразда 455 тг және Көкшетауда 458 теңгеден жоғары. Еліміз бойынша ең жоғары баға Өскемен мен Семейде (540 тг), Жезқазғанда (550 тг) және Ақтөбеде (800 тг) болып тұр.

Kazinform тілшісі бұған дейін нан өнімдерінің бағасын салыстырды.