Соның ішінде қызметкерлері 100 адамға жетпейтін заңды тұлғалар саны - 346 967 бірлікті құрады. Ал жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 215 835-ке жетсе, соның ішінде 207 110 бірлік шағын кәсіпорындар болып табылады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Мәліметтерге қарағанда, 2015 жылғы қаңтар-мамырында Қазақстанда бөлшек сауда көлемі 2254,9 млрд. теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 2,9 пайызға өскен. Ал көтерме сауда көлемі 5644,6 млрд. теңгені құрап, былтырға қарағанда 2,4 пайызға артты.
«Бұдан бөлек, есепті кезеңде тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер көлемі 104 млрд. теңгені құрады. Ал осы уақыт ішінде еліміздегі сыртқы сауда айналымы 25910,2 млн. АҚШ долларын құрап, 2014 жылғы каңтар-сәуірмен салыстырғанда 37,3 пайызға төмендеді, оның ішінде экспорт - 15777,1 млн. долларын (46% аз), импорт - 10133,1 млн. долларын құрады (16,3% аз). Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2015 жылғы мамырда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 14,5% төмендеді», делінген баспасөз баянында.