Биылғы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша, Қазақстанда тіркелген жеңіл автокөліктердің саны 4053,7 мың бірлікті құраған. Есептік кезеңде 12 777 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 9,1 пайызға аз. Бұл ретте жол апаттарынан 18 128 адам зардап шеккен.
1 қарашада көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру ұйымдары 17,6 млрд теңге сомасына 48 424 сақтандыру төлемін жүзеге асырды.