«Тіркелмеген өнеркәсіптік үлгілерді қысқа мерзімді қорғау енгізіледі. Бұл 2015 жылдың 21 желтоқсандағы Еуропа Одағымен Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім аясында қабылданған міндеттемелерге сәйкес келеді. Мұндай қорғау құқық иеленушілерді бірегей бұйымдардың сыртқы түрін тікелей көшіруден қорғауға мүмкіндік береді», - деді Ақерке Ахметова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Мұнан бөлек, оның атап өтуінше, тауар таңбалары, географиялық көрсеткіш және тауарлардың шығарылған жерінің атаулары жөніндегі «оппозициялық» жүйе мүдделі тұлғаларға өтінімді қарау кезеңінде сараптама жасау ұйымына қарсылық жіберуге мүмкіндік береді.
«Бұл тауар белгілерін, географиялық көрсеткіштерді және тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге дау айтудың ықтимал тәуекелдерін жояды. Патенттік сенім білдірілген өкілдер бөлігінде түзетулер қойылатын біліктілік талаптарын, патенттік сенім білдірілген өкілдің құқықтарын нақтылауға және оны тізілімнен алып тастау рәсіміне бағытталған. Түзету патенттік сенім білдірілген өкілдер көрсететін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді», - деді ол.