Қазақстанда топ-менеджерлер мен мемлекеттік қызметкерлерге «жасыл экономика» негіздерін оқыту басталады - «Жасыл Академия» ҒБО басшысы

АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы жылына 500 маманға дейін жасыл дамудың негізгі принциптерін оқытады,

деп хабарлады орталық директоры Бақыт Есекина рrimeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында.

«Біздің бизнес жоспар бойынша жылына шамамен 500 адамды оқытамыз. Қазір орталық демеушілердің қаражаты есебінен ҚОҚМ топ-менеджерлерін оқытуды бастап кетті», - деді Б.Есекина
Сонымен қатар, ол келешекте білім беруді қаржыландыру мәселелерін мемлекеттік органдармен, қызметкерлері аталған орталықта оқытылатын министрліктермен келісетінін атап өтті.
Б.Есекинаның айтуынша, орталық демеушінің қаражаты мен халықаралық гранттар арқылы қызмет етеді.
Айта кетейік, бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде «Жасыл Академия» ғылыми білім беру орталығы таныстырылған болатын.