Қазақстанда «Төрелік сот туралы» заң жобасы Парламентке жолданбақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Әділет министрлігі 2015 жылдың 1 сәуіріне дейін «Төрелік сот туралы» заң жобасын Парламентке жолдайды. Бұл туралы бүгін Әділет вице-министрі Зәуреш Баймолдина мәлім етті.

«Үкіметке енгізілген бұл заң жобасы 2015 жылдың 1 сәуіріне дейін ел Парламентіне енгізіліп, сессия соңына дейін қабылданады деп үміттенеміз. Біз «Төрелік сот туралы» жаңа заң ҚР Азаматтық процессуалдық кодекспен бірге енгізілуін қалаймыз», - деді Баймолдина халықаралық төрелікті дамытуға арналған семинарда.

«Біріншіден, біз заң жобасында төрелік соттың қарауына барлық мүліктік дау-дамайларды жатқыздық. Оның ішіне тек кәмелеттік жасқа толмағандардың, сотпен іске қабілетсіз немесе шектеулі қабілетсіз деп танылған тұлғалардың мүдделері бар істер, сонымен қатар жеке мүліктік емес даулар қаралмайды», - деп атап өтті вице-министр.

Өз кезегінде Қазақстанның кәсіпкерлер палатасы Қазақстанда Төрелік сот қауымдастығын құруды ұсынуда.

«Бүгінде қазақстанда төрелік соттың қызметін реттейтін, төрешілерді және медиаторларды дайындайтын, тиісті халықаралық сертификаттар беретін бірыңғай орган жоқ. Тұрақты төрешілер және аралық соттар туралы ақпарат, олардың қызметіне қатысты статистика да келтірілмейді. Осыған орай Қазақстанда Төрелік сот қауымдастығын құру қажет», делінген палатаның таратқан ресми хабарламасында.