Қазақстанда торт бағасы қанша

Коллаж: Kazinform/ Canva

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда торт бағасы өскен. Өңірлер арасындағы айырмшылық та алшақтады. Мереке қарсаңында біз дүкендер мен кондитерлік сөрелердегі бағаны салыстырдық.

Торт қазіргі кезде сұранысқа ие десерттің бір түрі. Тек туған күн кештерінде емес, отбасылық басқосуда, мерекелерде дастарханымыздан табылады. Бағаны салыстырған кезде біз өңірлердегі кремі бар бисквит торттардың құнын білдік. Кондитерлік дүкен сөрелері мен қарапайым дүкендегі тәтті тағамдың бағасы салыстырдық.

Астана қаласында баға 4 000 теңгеден басталып, кейбір дүкендегі әдемі безендірілген авторлық торт құны 18 000 теңгеге дейін жетті.

Фото: Kazinform

Алматы қаласында баға 6 500 теңгеден басталып, 12 000 теңгеге дейін көтеріледі. Ал жеке тапсырыс берсеңіз баға одан да жоғары болады.

Еліміз бойынша ең жоғары бағаның бірі Атырау қаласында тіркелді. Мұнда торт бағасы 6 000 теңгеден басталып, 30 000 теңгеге дейін жетті. Әсіресе дизайны ерекше болса, бағасы да өсе береді. Орал қаласында баға бір-бірінен өте алшақ. Бір дүкенде қарапайым бисквит торт бағасы 6 000 теңге болса, кей дүкенде 27 000 теңгеге сатылады. Ақтау мен Ақтөбеде торттың келісі орта есеппен 6500-7500 және 12 000-15 000 теңге.

Солтүстік және шығыс өңірлерле баға қалыпты. Мәселен Петропавлда тортты 3 000 — 14 000 тенгеге, Көкшетауда 3 000 —10 000 теңгеге, Қостанайда 3 500 — 7000 теңгеге сатып алуға болады. Павлодар, Семей мен Өскеменде баға осы шамалас. Бұл қалаларда торт бағасы 3 000-10 000 теңге аралығында.

Қарағандыда торт бағасы 3 500 теңгеден басталып, 12 000 теңгеге дейін жетті. Жезқазғанда 4000 —15 000 теңге аралығында. Еліміздің оңтүстігіндегі қалаларла баға төмен. Таразда келісі 2000 —7000 теңге аралығында. Ал Шымкент, Талдықорған мен Түскістанда торттың орташа бағасы 3500-4300 және 14 000-15 000 теңге аралығында.

Қызылорда қаласында торт бағасы бірден 8 000 теңгеден басталып, 14 000 теңгеге жетеді.

Елімізде супермаркетте және шағын наубайханада торт бағасы төмен. Ал авторлық торттар мен жеке дизайн жасалса, баға жоғары. Әсіресе ірі қаралар мен мұнайлы өлкедегі торт құны қымбат.

Бұған дейін өңірдегі мандарин, сонымен бірге қара және қызыл уылдырық бағасы жазылды.