Қазақстанда төрт күндік жұмыс аптасына көшу ертерек - ҚР Ұлттық экономика министрі
«Менің ойымша, дамып келе жатқан мемлекет ретінде төрт күндік жұмыс аптасына көшу әлі ертерек. Сондықтан да біз еңбек туралы Кодекске және заңға сәйкес, сондай-ақ бізде бекітілген сегіз сағаттан бес жұмыс күні уақытымен жылжитын боламыз. Бұл тек мемлекеттік органдарға ғана емес, сонымен қатар жеке компаниялар үшін де оңтайлы уақыт деп санаймын»,-деді министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Халықаралық еңбек ұйымының сарапшылары бес күндіктен гөрі төрт күндік жұмыс аптасы анағұрлым қолайлы деп санайды және еңбек етудің осы режіміне көшуді ұсынды.
Халықаралық еңбек ұйымының сарапшылары жұмыс аптасын қысқартудың пайдасына өз дәлелдерін келтіреді.
Біріншіден, бұл халықтың денсаулығын түзетуге мүмкіндік береді, өйткені қазіргі заманда көптеген аурулар жұмыс уақытын үнемі кеңседе өткізіп, күйзеліске шалдығу себебінен болып отыр. Екіншіден, қысқа апта көбірек жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Үшншіден, әртүрлі зерттеулер адамдар аз жұмыс жасаса, неғұрлым өнімді еңбек ететінін көрсетуде. Ал кеңседе ұазқ сағаттар бойы жұмыс жасағандар көбіне қауырт қызмет істегендей болып көрінеді. Ал енді тағы бір зерттеулерде аптаның төрт күнінде ғана жұмыс жасаған адамдар өздерін бақытты, өмірге қанағаттанған күйде сезінеді.
Енді ақырында, қазіргі замандағы ең дәлелді уәж: жұмыс аптасының бір күнінен бас тарту қоршаған ортаға да оң әсер етеді, адамдардың жұмысқа бару-келуі аптасына бірнеше миллиардқа азаяды.