Оның айтуынша, бүгінде осы мәселеге қатысты заң жобасы депутаттардың талқылауына түсті. «Онда, біріншіден, травматикалық, сондай-ақ газды қару-жараққа тыйым салу қарастырылған. Екіншіден, оның барлығын адамның жеке қорғанысы үшін қолданылатын қарулардың санатынан шығару жоспарланып отыр», - дейді Н.Әбдіров. Халық қалаулысы атап көрсеткендей, «Қару-жарақтың кейбір түрлерінің айналымы туралы» заңда травматикалық қаруды халықтан сатып алу тетігі бар. «Онымен құқық қорғау органдары мен күзет қызметтерін қамтамасыз етуге әбден болады», - дейді депутат.
18:40, 28 Мамыр 2013
Қазақстанда травматикалық қаруға тыйым салынуы мүмкін
АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Алдағы уақытта травматикалық қаруға тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы «Эксперт» клубының «Қазақстанның құқық қорғау жүйесін жаңғырту» тақырыбындағы отырысында Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әбдіров мәлім етті.