Бұл туралы бүгін Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің бастамасымен еліміздің денсаулық сақтау саласына технологияларды беру жөніндегі жобаларды іске асыру және институттық реформаларды жүргізу мәселелері бойынша өткен үкімет сағатының барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы кеңсесінің басшысы Мелита Вуйнович мәлім етті.
ДДҰ өкілінің айтуынша, Қазақстан мен Халықаралық Қайта құру және даму банкі арасындағы келісімнің нәтижесінде жүзеге асқан оңтайлы саясат пен тиімді инновацияның, сондай-ақ инвестицияның дұрыс бағытының арқасында денсаулық сақтау жүйесіндегі прогресс нығайғанын көрсете алды. «Қоғамдық денсаулық сақтау реформасы қазірдің өзінде белгілі бір жағымды нәтижелерге ие. Мәселен, біз Қазақстанда туберкулезбен ауруының азайғанын, алкоголь пайдалану деңгейінің төмендегенін байқап отырмыз. Сонымен қатар, тіпті Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі тәжірибесі бірқатар дамыған елдер үшін де үлгі боларлық», - дейді М. Вуйнович. Оның сөзіне қарағанда, қазір Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүткіл еуропалық өңірі үшін өзінің денсаулық сақтау стратегиясын қайта қарастырып жатыр. «Сондықтан да, қазақстандық сарапшылар бұл стратегия жобасына консультант ретінде қатыстырылып отыр», - дейді өкіл.