Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, аурудың қоздырғышы – Mycobacterium tuberculosis бактериясы.
Ведомство дерегіне сәйкес, туберкулез әлемдегі ең қауіпті инфекциялық аурулардың бірі болып қала береді.
- Күн сайын әлемде 4 100-ден астам адам туберкулезден қайтыс болады, ал шамамен 30 мың адам осы дертке шалдығады, - делінген деректе.
Министрлік Қазақстан туберкулезді ерте диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша халықаралық стандарттарға сай заманауи әдістер енгізілген санаулы елдердің қатарына кіретінін атап өтті.
Сонымен қатар елімізде туберкулездің алдын алу, диагностикасы және емі барлық азамат үшін тегін жүргізіледі.
Айта кетейік, ДСМ хантавирустың алдын алу жолдарын атады.