Қазақстанда туған опера әншісі Франциядағы ұшақ апатында қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1960 жылы Қазақстанда туған опера әншісі Олег Брыжак Францияда апатқа ұшыраған Airbus A320 ұшағында қаза тапты, деп хабарлады РИА Новости германиялық Bild басылымына сілтеме жасай отырып.

Олег Брыжактың қазасын Дюссельдорф операсының басшылығы растады. «Біз нағыз әнші, ұлы адам Олег Брыжактан айрылдық», деген театрдың бас директоры Кристоф Майер басылымға берген сұхбатында. О.Брыжак 1960 жылы Қазақстанда туған. Ол Қарағанды музыкалық училищесінде, Алматы консерваториясында білім алған. 1986-1991 жылдары Санкт-Петербор, Челябинск, Львов қалаларында өнер көрсеткен. 1996 жылдан бері Дюссельдорф театрының солисі.