Мәскеу орталығындағы негізгі көшелердің жаяу жүргіншілер өтетін жолда болған көлік оқиғасынан екі адам зардап шеккен. Оның бірі Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында туған ресейлік әнші Линда (Светлана Гейман). Бұл ақпаратты әншінің директоры Михаил Кувшинов растады.
«Медициналық тексеру жүріп жатыр», - деді Михаил Кувшинов.
Жүк көлігі жолдан өтіп бара жатқан екі адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Кейін полиция қызметкері жол тәртібін бұзған жүргізушіні ұстады.
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.