Фильмнің тұсаукесері Алматыда 15 наурыз күні өтеді. Ұзақтығы 1 сағат 20 минут болатын бұл фильмде бас кейіпкерді 10 жасар Әйгерім Мергенбай ойнайды. Қазақстандағы балаларға арналған тұңғыш фильмнің сценарийін жазған және қоюшы режиссері - Данияр Саламат. Ал кинотуынды идеясының авторы және бас продюсері - Алтын Маханбетова. Комедиядағы жас кейіпкерлерді «Әнші болғым келеді» продюсерлік орталығының өнерпаздары сомдап отыр. Оған сондай-ақ, ҚР еңбек сіңірген артисі Лидия Кәденова, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты Рахман Омаров пен Кенжебек Шайқақов, Бауыржан Ордин сияқты өзге де өнер шеберлері қатысқан.
13:41, 10 Наурыз 2011
Қазақстанда тұңғыш рет балаларға арналған музыкалық комедия түсірілді
АЛМАТЫ. 10 наурыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанда алғаш рет балаларға арналған «Әнші болғым келеді» деп аталатын музыкалық комедия түсірілді.