Бұл есептегіштер басқа елдерде пайдаланылып жүрген құрылғылардан гөрі жетілдірілген. Өлшеулер тәулік сайынғы және жыл бойғы циклде жүргізіліп отырады. Өлшеулер нәтижелері жол құрылымының су-жылу режимінің сипаттамасын алуға және жол құрылымын есептеу тәсілдерін жетілдіру барысында ескеруге мүмкіндік береді.
Бұған дейін осыған ұқсас, бірақ бұл деңгейде жетілдірілмеген есептегіштер АҚШ, Жапония, Украинаның Киев, Ресей Федерациясының Ленинград және Мәскеу облыстарының жол учаскелеріндегі топырақ төсемдеріне орнатылған болатын. Ондағы бақылаулар нәтижелері топырақтың есепті сипаттамаларын және сол өңірлердегі су-жылу режимін реттеу шараларын дәлірек белгілеуге мүмкіндік берді. Қазақстанда мұндай жұмыстар тұңғыш рет қолға алынуда. Осы өлшеулердің нәтижелері жолды пайдалану барысындағы жол құрылымының уақыт өткен сайынғы өзгерістерінің нақты жай-күйін және олардың пайдаланылу мерзімін анықтауға мүмкіндік ашады.
Келешекте мұндай есептегіштер республиканың түрлі табиғи-климаттық жағдайдағы басқа жолдарына да орнатылатын болады.
Жол құрылымдарының жұмыс жағдайын зерттеу мақсатында осындай есептегіштерді орнату жөніндегі шешім Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінде автомобиль жолдарын пайдалану мәселелерін талқылау нәтижесінде қабылданды.
Анықтамалық: Автомобиль жолдарының мықтылығы мен ұзақ мерзімге сақталуы негізінен жол жамылғысы мен топырақ төсеміне байланысты. Оларға қозғалыс жағдайы мен табиғи-климаттық жағдайлар әсер етеді. Сол себепті бірдей материалдар мен құрылғылардың республиканың әр өңіріндегі қызметі әрқилы болады. Осыған байланысты қазір мынадай міндеттерді шешу қажет:
- жол құрылғылары мен материалдардың әртүрлі жағдайдағы қызмет ерекшеліктерін зерттеу;
- жол құрылғыларын қазіргі пайдалану жағдайына сәйкес жобалау;
- жаңа материалдар мен технологияларды зертхана жағдайында және жолда олардың Қазақстанда пайдалану тиімділігін анықтау үшін тексеріп көру.
Осы мақсатпен кейінгі бес жылда топырақты, геосинтетикалық және жылу сақтағыш матeриалдар пайдаланылған асфальт-бетонның жаңа құрамдары 30-ға тарта тәжірибелік учаскелерге төселді. Барлық сынақ учаскелерінде тұрақты мониторинг жүргізіліп отырады. Олардың нәтижелері автомобиль жолдарын салғанда және жөндегенде барынша техникалық және экономикалық жағынан тиімді шешімдерді нақты пайдалану үшін ұсынылуда. Бұл өз алдына жолдардың ұзаққа шыдас беретін төзімділігін арттыруға және автомобиль жолдарына жұмсалатын бюджеттік қаражатты тиімді пайдалануға мүмкіндік ашады.