Қазақстанда тұңғыш рет жылтыр қармақпен қысқы балық аулаудан Әлем чемпионаты өтеді

АЛМАТЫ. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қапшағай су қоймасында 6-12 ақпанда жылтыр қармақпен қысқы балық аулаудан 9 Әлем чемпионаты өтеді.

Оған: АҚШ - 15, Латвия - 12, Ресей - 11, Украина - 10, Польша -10, Швеция - 9, Беларусь - 8, Литва - 8, Финляндия   - 8, Эстония 5 адамнан тұратын ұлттық құрамаларын қосатынын жариялады. Қазақстанда биыл тұңғыш рет өтетін бұл дүбірлі доданың ашылу рәсімі 8 ақпанда өтеді. 10 ақпанда жеребе тартылып, жарыстың 1-туры өтеді. Ал 11 ақпанда жарыстың екінші кезеңі өтіп, Әлем чемпионатының қорытындысы шығарылады.

         Жарыс қарсаңында Қапшағай су қоймасында 21-22 қаңтарда Қазақстан чемпионаты өткен еді. Әлем чемпионатына дайындықтың басты әзірлігі болатын бұл жарысты арнайы келген ресейлік бапкерлер бақылады.  Сондай-ақ, Әлем чемпионатына қатысқалы отырған  украиналық спортшылар  Виталий Левченко, Алексей Зайко, Дмитрий Корзенков пен Денис Новгородский Халықтар достығы (Украина-Семей) командасында өнер көрсеткен еді.