08:47, 18 Наурыз 2009
Қазақстанда тұратын блокадашылар ескерткіш медальдарын алады
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Ленинградты фашистік қоршаудан толық азат етудің 65 жылдығына арналған ескерткіш медальдар басқа қалалар мен елдерде тұратын блокадашыларға да беріледі.
Олардың ішінде Қазақстанда тұрып жатқан азаматтарда бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазіргі уақытта ескерткіш медальдар петерборлық ардагерлердің барлығына дерлік табыс етілді. Тағы 500-дей медаль Ресейдің басқа қалалары мен алыс және жақын шетелдердегі өз иелерін табады. Вице-губернатор Михаил Осеевскийдің айтуынша, егер медальдарды иелеріне жеткізуге қосымша қаражат қажет болса, ол қалалық бюджеттен қарастырылатын болады.