2016 жылғы тамызда өткен аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 0,2%-ға төмендеді, абаттандырылған және абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату бағалары - өзгеріссіз қалды. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,4%-ға өсті.
Тұрғын үй нарығындағы бағаны байқау Астанада, Алматы қаласында және облыс орталықтарында құрылыс компанияларына қоса қалалық қор бойынша жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың іріктелген шеңбері бойынша жүргізіледі.