Қазақстанда тұрғын үй саудасының келісімшарттары 16 пайызға төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 33 364-ті құрады.

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

Биылғы наурызда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша тіркелген келісімшарттар 9 933-ті құрап, бұл көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда 16 пайызға азайды. Ал 2014 жылғы қаңтар-наурызда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 8,7 пайызға төмендеді.

Атап айтқанда, наурызда тұрғын үйді саудалау тұрғысында ең көп келісімшарт Қарағанды (1 143), Оңтүстік Қазақстан (1 067), Алматы (972), Шығыс Қазақстан (896) облыстарында және Алматы қаласында (942) тіркелді.