«Біз кәсіби, ірі басқарушы компаниялардың институтын енгізуді ұсынып отырмыз. Варшавада 1,5 млн. халық үшін небәрі 18 басқарушы компания бар. Ал бізде Астанада 300-ден астам ПИК бар. Шетелде тұрғын үйлерді басқару кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі болып табылады және ұйым тұрғындар алдында ғимарат үшін жауап береді», - деді Т.Рахымбеков.
Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан үшін әлдеқайда қолайлысы - Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер формасындағы компаниялар.
«Заңнама бойынша ЖШС-да бақылаушы кеңес құруға болады. Ол ЖШС атқарушы органдарын бақылаушы орган ретінде әр үйден өкілдерді сайлай алады», - деп атап өтті Т.Рахымбеков.