АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ туристік және қалааралық автобус аялдамаларына арналған сәулеттік байқау қорытындысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Байқауға 8 сәулетші қатысқан және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ сарапшылар комиссиясының шешімімен рейстік автобустар аялдамасы байқауында «Сәулет-студия» ЖШС жобасы үздік деп танылды.
«Жеңімпаз топтың жобасын аялдама салушылар жүзеге асырады және олар Қазақстан автожолдарының беткеұстарына айналады. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ байқау қатысушыларына туризмнің дамуына үлкен үлес қосқандары үшін алғыс білдіреді», - делінген акционерлік қоғамның ресми хабарламасында.
Еске сала кетсек, туристік және қалааралық автобус аялдамаларына арналған ашық сәулеттік байқау 2018 жылдың 25 тамызына дейін созылған болатын. Байқаудың жүлде қоры 200 мың теңгені құрады.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.