16:56, 23 Сәуір 2009
Қазақстанда туризм мен саяхат маусымы ресми түрде ашылды
АЛМАТЫ. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыдағы «Атакент» іскерлік сауда орталығында 9-шы KITF-2009 халықаралық туризм жәрмеңкесі ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Жәрмеңкені ҚР Спорт және туризм министрлігі, Алматы әкімдігі, БҰҰ Бүкіләлемдік туристік агенттігі, халықаралық Iteca көрме компаниясы ұйымдастырған. Шараға әлемнің 35 елінен 100-ге жуық компания қатысуда. Жәрмеңкеге тұңғыш рет Мексика, Жапония, Иордания, Польша мен Словакия елдерінің туристік компаниялары қатысуда. Алматы әкімінің орынбасары Серік Сейдумановтың айтуынша, жәрмеңке жыл өткен сайын Қазақстан мен Орталық Азия, Еуропа елдері арасындағы маңызды туристік жәрмеңкелердің біріне айналып келеді. «Бұл көрме Қазақстанның дамуына өзіндік үлесін қосады және әлем елдерімен әріптестік орнатуға өзіндік септігін тигізеді, дейді С. Сейдуманов.Оның айтуынша, Қазақстан Үкіметі туризм саласының дамуына және Алматының имиджін көтеруге үлкен көңіл бөлуде. «Жәрмеңке 2011 жылғы Азия ойындарының қожайыны - Алматыны қолдаудың басты шарасының бірі. Жәрмеңке жергілікті туристік мүмкіндікті ғана ашып қоймай, шет елдік операторлармен де танысуға үлкен мүмкіндік тудырады», дейді С.Сейдуманов.