Қазақстанда түркітілдес халықтарға арналған тұңғыш әлеуметтік желі іске қосылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазнетте түркітілдес халықтарға арналған «Turkiler.com» атты тұңғыш әлеуметтік желі іске қосылды. Бұл туралы аталған порталдың әкімшілігі хабарлап отыр.

Мәдени-танымдық порталда түркі халықтарының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін танып-білуге, сондай-ақ түрлі елдердің азаматтарымен танысып, достық қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік бар.

Жобаның негізгі мақсаты - түркі әлемімен танысуға да, одан әрі түркологияны тереңдетіп зерттеуге де мүмкіндік беретін сайт қалыптастыру.

Сайт жасаушылардың айтуынша, «Turkiler.com» сайтын жасау идеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық түркілердің мәдениетін тоғыстыру қажет деген пікірін білдірген соң туындаған.

Айта кету керек, сайт әзірше бета-нұсқада ғана.