Құжатқа сәйкес, тұрмыстық баллондарда сатылатын сұйытылған мұнай газын міндетті таңбалау 2027 жылғы 1 наурыздан бастап енгізілуі мүмкін.
Бұйрық жобасында газ баллондарына салынатын сәйкестендіру құралдарының, яғни таңбалау кодтарының ең жоғары бағасын белгілеу көзделген. Бұл ретте мемлекет, бизнес және халық мүдделерінің теңгерімін сақтау ескерілген.
Сонымен қатар жаңа талап сұйытылған мұнай газының тұрмыстық баллондардағы айналымын цифрлық бақылауға мүмкіндік бермек.
Алайда құжатқа берілген түсіндірме кестеде таңбалаудың нақты құны көрсетілмеген.
Бұйрық жобасы қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында жарияланған. Талқылау 18 қарашаға дейін жалғасады.
Бұған дейін елде майлау материалдары мен техникалық сұйықтықтарды міндетті таңбалау басталғанын жаздық.