Ведомствоның мәліметіне сәйкес, егер 2018 жылы 15 жасқа дейінгі түсік жасатқан 27 жасөспірім болса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 15-ке дейін төмендеді.
«Ал 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында түсік түсіру саны шамалы кеміген. 2020 жылы 1122 жағдай болса, 2021 жылы – 1094»,- деп хабарлады баспасөз қызметінде.
Сонымен қатар, жасөспірім қыздардың туу көрсеткіші жылдан жылға төмендеп келеді.
2021 жылы 15-18 жас арасындағы қыздар арасында бұл көрсеткіш 1000 қызға шаққанда 23,8% жағдайды құрады. 2015 жылмен салыстырғанда бұл 7,2 жағдайға аз.
«Өңірлер арасында ең жоғары туу көрсеткіші Түркістан (36,3), Маңғыстау (36,2) және Жамбыл (34,3) облыстарында байқалады. Жасөспірімдер арасында ең төменгі туу көрсеткіші Алматы (11,5) мен Астана (12,8) қалаларында»,- деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.