«Бұл көрсеткіш халықтың сұранысы мен табысының азаюына байланысты төмендеді. Қазір банктердің тұтынушы кредиттері 2020 жылдың 9 айында 0,7% ғана өсім көрсетіп отыр. Ал былтыр осы кезеңде 18,6% өсім болған», - деді Мәдина Әбілқасымова.
Оның айтуынша, биыл 1 қаңтардан бастап несие төленбей қалған жағдайда кепілсіз тұтынушы несиелерінің комиссиясы 90 күнтізбелік күн ішінде тоқтатылады.
Сонымен қатар, төлем қабілеті төмен азаматтарға несие берілмейтін болады.
«Биыл проблемалық несиелер үлесі мамырда 9,4%, ал қазан айында 8,4% болды», - деді Агенттік төрағасы.