Қазақстанда тұтынушылар несиесіне деген сұраныс төмендеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың тамызында Қазақстанда тұтынушылар несиесіне деген сұраныстың төмендегені байқалды. Жеке тұлғаларға берілген несие көлемі 2% төмендеді, деп хабарлады finprom.kz сараптамалық порталы.

Мамандар бір жылда несие көлемі 2,5 триллион теңгеге дейін қысқарғанын атап өтті. 2015 жылдың шілдесінде тұтынушылар несиесі екінші деңгейлі банктердің барлық несиелік портфелінің 24,4% құрады.

2016 жылдың тамызында оның мөлшері 19,7%-ға дейін кеміді. Бөлшектік ипотека 4,6% көлеміндегі жылдық өсіміне қарамастан, портфельдегі салмағын 8,6%-дан  8,1%-ға дейін түсірді.

Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктердің портфеліндегі корпоративтік (ұжымдық) несиелердің үлесі бір жылда 64-тен 68%-ға дейін өсті. Сарапшылар атап өткендей, бизнесті қаржыландыру - несиелендірудің ең тиімді каналы. Бұл бағытта бөлінген несие көлемі тамыз айында шамамен 4 трлн теңгені құрады, бизнесті кеңейтуге 1,9 трлн теңге бөлінді.