«Біз тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің жаңа моделін жасақтадық. Бұл «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заңда тұтынушылардың бұзылған құқықтарын қайта қалпына келтірудің тетіктері нақты болмағандықтан жасалып отыр. Қазіргі уақытта агенттік жетекші әлемдік тәжірибенің негізінде «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заң жобасының концепциясын құруды бастады», - деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, онда тұтынушыларға тауарды қайтару, ауыстыру және ақауларды жөндеп беру, сатушылар мен атқарушылардың міндетіне қатысты ережелер нақтыланатын болады.
«Сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысты мемлекеттік органдардың міндеттері де нақты белгіленетін болады», - деді ол.