«Мен адамдарға үнемі бір кеңес айтамын. Несие алардан бұрын ең алдымен расымен несие керек пе, соны анықтап алу керек. Бұл жағдайда жаңа телефон, демалыс және тағы басқаға арналған импульсті несиелерден бас тартқан дұрыс. Сондай-ақ, несиені төлей аласыз ба, соған көз жеткізу керек, себебі, алғашқыда адамдар өз мүмкіндіктерін үнемі асыра бағалайды», - деді ол.
Оның айтуынша, егер қандай да бір кешіктіру орын алса, онда адамдарға өз қаржылық ұйымдарына жүгініп, несиелік демалысты алулары керек.
Бірінші кредиттік бюроның Бас директоры Руслан Омаров тұтынушылық кредитті көбінесе жеке тұлғалар, яғни, 50%-дан астамы пайдаланатынын атап өтті.
«Бұл тұрмыстық техниканы бөліп төлеумен алу немесе телефон несиесі және т.б.», - деді спикер.
Еске салсақ, бұған дейін Алматының 450 мыңнан астам тұрғынында несие қарызы бар екенін жазғанбыз.