Бұл туралы бүгін ЕҚЫҰ Саммитінің Шолу конференциясында Қазақстанның азаматтық альянсының төрайымы Айгүл Соловьева мәлім етті.
Оның айтуынша, үкіметтік емес секторда сапа болуы үшін олар атқарған істер дамыған елдердегідей ішкі жалпы өнімнің 7-8 пайызын құрауы қажет. «Ал біздегі өлшемдер бойынша қазір бұл көрсеткіш 1 пайыздың айналасында. Үкіметтік емес сектордың ішкі жалпы өнімге деген үлесі осы сектордың азаматтардың қажеттіліктері жөнінде көбірек білуімен және сол қажеттіліктермен көбірек айналысумен байланысты. Сонда ғана біз елде азаматтық қоғам қалыптастыра аламыз»,- деді А. Соловьева.
Оның пікірінше, үкіметтік емес ұйымдар халық пен биліктің арасындағы байланыс. Қазір бұл байланыс барынша жанданып келеді.