Қазақстанда Ұлттық антидопингтік орталық құру қажет - Т.Ермегияев

АСТАНА.  17 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстанда Ұлттық антидопингтік орталық құру қажет. Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында  ҚР Спорт  және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев осындай бастама көтерді.

«Антидопингтік зертхана жұмысын толық қамтамасыз ету үшін спорттағы допингпен күрес бойынша қабылданатын шаралардың кемшін түсіп отырған буыны ретінде Ұлттық антидопингтік орталық құру қажет», - деді ол.

Оның айтуынша, аталған орталық спортшыларға допинг тестілеуді ұйымдастыру, қаннан сараптама алу сынды қажетті шараларды өткізетін болады.

«Мәселенің шешілуі ұлттың әрі елдің даму деңгейінің маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылатын спорттық жетістіктердің өсіміне өз әсерін тигізеді», - деді Т.Ермегияев.