Айта кетейік, бүгін Министрлер Кабинетінің отырысында аталған бағдарлама қабылданды.
Бұндай қадамдар шетелдегі тәжірибеге сүйене отырып жасалатынына тоқталған ол, «Еуропадағы кез келген қалада барлық тұрғындар шағын көліктерді пайдаланады. Бұл өз кезегінде автотұрақта тұруға, экология үшін, оның ішінде бензин шығымдылығы жағынан тиімді. Осыған байланысты «Энергия үнемдеу-2020» бағдарламасы аясында отынды пайдалануды 30 пайызға төмендету тұрғысында үнемді автокөліктерді сатып алу ынталандырылады»,-деді вице-министр.
Оның сөзіне қарағанда, бұндай көліктер үшін салық көлемі жеңілдікті болады. «Бұл стандартты нормалар, яғни тарифтік және акциздік саясат арқылы іске асырылады. Осы салықтар шағын литражды көліктер үшін жеңілдікті болады»,-деді Н. Сауранбаев.