Омбыда Василий Коняхин - ұрланған элиталық көліктерді халықаралық нарықта саудалаумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі амнистияға ілікті.
Тергеу мен сот анықтағандай, қылмыс 2011-2012 жылдары жасалған. Коняхинге Toyota, Lexus, Infinity маркалы ұрланған автомобильдер түсіп отырған. Оның міндеті көліктерді шетелде сату болған.
- Көліктер жалған тұлғаларға ресімделіп, Қазақстанға жөнелтіліп, сатылған. Тергеу амалдары негізінен Қазақстанда жүргізілді. Қылмыстық топ мүшелерінің басым бөлігі сол елде болған, - деді прокурор Евгений Логинов.
Коняхин барлығы 11 иномарканы сатып үлгерген. Куйбышев соты ер адамды 2,5 жылға шартты түрде бостандығынан айырып, 80 мың рубль айыппұл салған. Алайда оған рақымшылық жасалды.