Аталған құжатты әзірлеуге және қабылдауға ұялы телефондардың ұрлануына байланысты қалыптасқан ахуал негіз болды. Жыл сайын Қазақстанда 60 мыңға жуық ұялы байланыс құралы ұрланады, олардың ішінен ішкі істер органдары орташа шамамен 2,5 мыңын анықтап, заңды иелеріне қайтара алады.
Оған қоса «Байланыс туралы» Заңға, сондай-ақ Ұялы байланыс қызметін көрсету қағидаларына сәйкес, абоненттік құралдардың жұмысын ІМЕІ-коды бойынша тоқтатуды ұялы байланыс операторлары абонент тиісті өтінішпен жүгінген жағдайда ғана іске асырады.
«Алайда, көбінесе бұлай болмайды, көптеген адамдар бұл механизм жайлы білмейді, ал басқалары уақыттың жоқтығынан немесе өзге де себептер бойынша өтініш бергісі келмейді», - деп атап өтеді қадағалау ведомствосы.
Ендігі уақытта, қол жеткізілген келісім бойынша, ішкі істер органдары ұялы құралдары жоғалған жәбірленушілерге ұялы байланыс операторларының мекенжайына ұялы телефонның жұмысын ІМЕІ-коды арқылы тоқтату - бұғаттау туралы өтінішпен жүгінулері қажеттігін түсіндіруі қажет.
Ұялы байланыс құралдарының жұмысын ІМЕІ-коды бойынша тоқтату практикасын кеңінен қолдану үшін, ішкі істер органдары арқылы ұялы байланыс операторларының мекенжайына өтінішпен жүгіну қажет, деп нақтылады ҚР Бас прокуратурасы.