Оның сөзінше, бүгінде Қазақстанда электр энергиясын тарататын ұсақ ұйымдар жетерлік.
"Мысалы, Қарағанды облысы, Жезқазған аумағында осындай ұйымдар өте көп. 1-10 шақырымға дейінгі бір-бірімен жалғасқан үш, төрт, бес ұйымнан құралған тізбектер бар. Олардың әрқайсысында өз тарифтері бар", - деді С. Есімxанов.
Комитет төрағасының атап өткеніндей, бұл ұйымдарды біріктіру мәселесі көтерілуде.
"Егер біз оларды біріктіре алсақ, электр желілерінің сапасы бойынша, қамсыздандыру бойынша бізге үлкен көмек болар еді. Сондықтан Елбасының "100 нақты қадамының" 51-қадамында аталмыш аумақтық ұйымдарды нығайту жөнінде айтылған", - деп түйді сөзі С. Есімxанов.