«Бұл жаңа бағыт, оның әлемдік ауқымы - 4 триллион американ долларына жетеқабыл, бұл қарқынды дамушы сала. Сондықтан, біз де осы мәселемен айналысудамыз. Бүгінде ондай зертханалар бізде - Алматыдағы әл-Фараби атындағы ұлттық университетте, Физика-техникалық университетінде, Шығыс Қазақстанда бар. Осы үш зертхана нанотехнология бағытындағы жұмыстармен айналысатын болады», - деп нақтылады Н.Назарбаев.
Елбасы сондай-ақ, нанотехнология саласын дамытуға бизнес-құрылымдардың белсенді атсалысуы керектігін айтып өтті.