Қазақстанда ұялы телефонды верификациялау мемлекеттік компанияға беріледі

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан ұялы телефондарды верификациядан өткізу қызметін мемлекеттік компанияға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин айтты. 

Фото: pexels

Оның айтуынша, тиісті шешім қазірдің өзінде Үкімет деңгейінде қаралған.

— Бұл ретте мемлекеттік монополияға қосылады деген шешім қабылданды. Олар телефондардың верификациясына қажет қызметтерді көрсете алатын мемлекеттік ұйым болады, — деді Р. Коняшкин.

Сонымен қатар Мәжілісте тиісті нормативтік-құқықтық өзгерістер қарастырылып жатыр.

— Өзгерістер мақұлданады деп үміттенеміз. Қабылданған жағдайда, мұнымен мемлекеттік компания айналысады, — деп вице-министр.

Айта кетейік, бұған дейін смартфонды ресми тіркеу аясында елде қанша телефон бұғатталғанын жазған едік

Еске салсақ, былтыр күзде «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК IMEI-кодтарын тексеру қызметін жүргізуге өтініш берді

Қазір Қазақстанда IMEI верификациясымен «ATS Mediafon KZ» ЖШС айналысып келеді. Ол ашық конкурс нәтижесінде оператор ретінде таңдалды.