«Қазір бізде мерген биатлоны бойынша іріктеу жүргізілуде. Бұл сайыстар «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында өткізіліп жатыр. Ең үздік мергендер келді. Әр байқау сайын біз жауынгерлік даярлығымызды арттырудамыз, дене дайындығы жақсы қалыпта екенін сезінудеміз. Мұндай жарыстар неғұрлым көп болса, соғұрлым әскеріміз мықты болмақ», - деді 10810 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтор Нұрсұлтан Сәбит.
Іріктеу үш кезеңде өтті. Онда әскери қызметшілер қираған қабырғалардағы кедергілерден өтіп, Макаров тапаншасынан, Драгуновтың мерген винтовкасынан оқ атты, Ф-1 оқу-жауынгерлік гранаталар лақтырды, сондай-ақ оқ-дәрілері бар жәшіктерді алып жүрді.
Еске сала кетсек, мерген шыныққан болуы керек. Себебі, оған қалыпты керек-жарақтан басқа, анағұрлым ауыр қаруды артып жүруге тура келеді. 11- 15 сәуір аралығында Қазақстанның оңтүстігінде ҚР ҚК Құрлық әскерлері арасындағы байқауға қатысатын 8 әскери іріктеуден өтті. Олардың арасынан Армия халықаралық ойындары - 2016 сайысына үздік мергендерді таңдап алынады. Бұл байқау Қазақстанның аумағында алғаш рет өткізілгелі отыр.