АСТАНА. KAZINFORM — Осы жылдың алғашқы төрт айында теміржол көлігі өндірісінің едуәір өсімі байқалды. Мәселен, 2024 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында дизель локомотивтерінің өндірісі 20 болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп.
Сонымен қатар, вагондар өндірісі өсті.
Осы жылдың алғашқы төрт айында 50 теміржол, трамвай, өздігінен жүрмейтін, жолаушылар, багаж және басқа да арнайы мақсаттағы вагондар шығарылды.
Бұл өткен жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда 8,3 есе көп.
Сондай-ақ, 2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында 400 жүк вагоны өндірілді, ал өткен жылдың тиісті кезеңінде барлығы 9 вагон ғана құрастырылған.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.