НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкінің ресми сайтында «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР ҰБ басқармасының №49 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қаулы жобасынасәйкес, 51-тармақ төмендегідей өзгертілуі мүмкін.
«Әрбіржүргізілген айырбастау операциясы бойынша тізілімдер журналында мыналаркөрсетіледі: клиенттің жекебасын куәландыратын құжаттың деректері (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)(аты, әкесінің аты толық көрсетіледі), құжаттың түрі, берілген күні, құжаттыңнөмірі, қолданылу мерзімі); клиенттің жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса); клиенттіңзаңды мекенжайы», делінген құжатта.
Автоматтандырылғанайырбастау бекеті үшін бір айырбастау операциясының сомасы 500 000 теңгеденаспауы тиіс.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.