деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, көптеген мемлекеттерде волонтерлық институт әлеуметтік қызметінен басқа нағыз отансүйгіш азаматтарды тәрбиелеудің қауқарлы әрі тиімді мектебі болып табылады.
Осы орайда Қ. Саудабаев шет елдердегі кейбір танымал саясаткерлер мен мемлекеттік қайраткерлердің жас кездерінде волонтерлықпен айналысқанына тоқталды. Атап айтқанда, олар өз мемлекеттерінде, сондай ақ басқа да елдерде осы белсенді іспен шұғылданған.
Еліміз үшін волонтерлық институтын дамыту үлкен маңызға ие болып отырғанын айтып өткен Мемлекеттік хатшы, бұл бағыттағы шараларды ҮЕҰ-лар, сонымен бірге мемлекеттік құрылымдар қолдаулары қажет екенін жеткізді.