ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Орталық Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық аясында АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігінің (DOE/NNSA) қолдауымен құрылды.
Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің, АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің және АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігінің өкілдері қатысты.
Орталықтың негізгі міндеттері – радиациялық жағдайды мониторингтеу және талдау, жедел ақпарат алмасу, сондай-ақ ядролық және радиациялық оқиғалар туындаған кезде іс-қимылдарды үйлестіру.
Орталықтың жұмысы жедел әрі негізделген шешімдер қабылдау үшін қажетті шынайы ақпаратты уақтылы алуға мүмкіндік береді.
-Орталықтың ашылуы Қазақстанның ядролық және радиациялық қауіпсіздігінің ұлттық жүйесін нығайтудағы маңызды қадам болып саналады. Оның қызметі ықтимал ядролық және радиациялық оқиғаларға ден қоюға әзірлікті арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен бейінді ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға ықпал етеді,-делінген хабарламада.
Алдағы уақытта орталықтың техникалық және талдамалық мүмкіндіктерін дамыту, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру, мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ практикалық жаттығулар өткізу жоспарланып отыр.
Қазақстан атом энергетикасындағы әлеуетін әлемге таныстыған болатын.