Қазақстанда заманауи жел электр стансалары салынуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Швеция занауи жел электр қондырғыларын орнату мәселесін талқылап жатыр. Еліміздің климатын пайдалана отырып, баламалы энергияны көрші елдерге де тасымалдауға болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның Швециядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дастан Елеукеновтің айтуынша, ол қондырғылар қазіргі жел электр станцияларына ұқсамайды. Аталған теxнологияда жаңа композиттік материалдар қолданылады. Сондай-ақ компьютерлік басқару жүйесі де жетік.

"Ондай қондырғыларды орнату оңай. Әйтпесе, қазір алып турбиналарды қою үшін тікұшақтың көмегіне жүгіну керек. Ал шведтер ұсынып отырған қондырғылар жеңіл әрі энергияны өндіру көлемі артық. Олардың стратегиялық жоспарлау мамандары Қазақстанды жан-жақты зерделеп, жаңа жел электр қондырғыларын осында орнатқан дұрыс деген шешімге келді. Себебі бізде инвестициялық жағдай да, климат та ыңғайлы. Ол энергияны экспорттауға да болады екен", - деді Д. Елеукенов бүгін Астанадағы баспасөз мәслиxатында.

Елшінің сөзіне қарағанда, бүгінде нақты шешім жоқ. Себебі қаржының көзі әлі анықталмаған. "Соңғы екі жыл бойы біз осы мәселемен айналысып келеміз. Жаңа жел электр стансалары осында салынады деп ойлаймыз. Біз соған күш саламыз", - деп атап көрсетті елші.

Айта кетейік, баспасөз мәслиxаты барысында елші Д. Елеукенов шведтердің Қазақстанды қаншалықты білетіні жайында айтып берді. Оның айтуынша, швед xалқы "стан" жұрнағы бар елдерді әлі күнге дейін айыра алмайды .