Бұл туралы бүгін ағымдағы жылды қорытындылауға арналған кеңейтілген алқа отырысында ҚР Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев мәлім етті.
«Прокуратура органдарының ұдайы бақылауында азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мәселесі тұр. Осы бағытта атқарылған шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері прокурорлар еліміздегі 131 мыңға тарта жұмысшының жалпы сомасы 7,7 миллиард теңге болатын жалақы бойынша қарыздарын өтеуді қамтамасыз етті. Нәтижесінде жалақы бойынша жалпы қарыз үш есеге кеміп, 4,6 млрд. теңгеден 1,6 млрд. теңгеге дейін азайды», - деді А.Дауылбаев.