«Қазақстанда жалақыны өндіріп алуға байланысты проблемалар жоқ деп айта аламыз. Егер олар кәсіпорынның банкротқа ұшырауымен немесе өндірістік қызметке қатысты туындап жатса, онда әділеттің аумақтық органдары прокуратура органдарымен, жергілікті атқарушы билікпен бірлесе бұл мәселені жедел шешіп жүр», - деді министрдің орынбасары.
Оның сөзіне қарағанда, жұмыс берушілерден қызметкер үшін еңбекақыны өндіріп алу жағдайы Әділет министрінің бақылауында тұр. Осы орайда апта сайын тиісті мониторинг жүргізілуде.